Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапармен барды

22.08.2024 22:07

Сапар аясында екі ел үкіметтері делегациясының қатысуымен келіссөздер жүргізеді

Ақорда

Мемлекет басшысын Душанбе әуежайында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қарсы алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Сапар аясында шағын құрамда және екі ел үкіметтері делегациясының қатысуымен жоғары деңгейде келіссөздер өтеді.

Сондай-ақ екі елдің cаяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын нығайтуды көздейтін бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.