Президентке Олжас Бектенов елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы баяндады

01.03.2024 16:56

Мемлекет басшысы премьер-министрді қабылдады

Аkorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 наурызда Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Аkorda.kz-ке сілтеме жасап. 

Ақорданың хабарлауынша, Премьер-Министр:

Еліміздің қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы және экономиканың өсімін қамтамасыз ету жоспары туралы баяндады;

Отандық тауар өндірушілерді қолдауды күшейту үшін қабылданып жатқан шаралар жайында мәлімет берді:

  • қазақстандық өнімдердің үлесін арттыру мақсатында мемлекеттік органдардың, жер қойнауын пайдаланушылар мен квазимемлекеттік сектордың сатып алу рәсімдерін жетілдіру жұмыстары басталған;
  • Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өнеркәсіптің перспективті салаларын қарқынды түрде дамытуға ерекше назар аударылып жатқанын жеткізді.

  • заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның жұмысы туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады