Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискке көңіл айту жеделхатын жолдады
elements.envato.com
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Мемлекет басшысы өзінің жеделхатында Рим Папасы XVI Бенедикттің өмірден озғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап..
"Католик шіркеуінің бұрынғы көшбасшысын әлемге танымал рухани қайраткер, бейбітшілік пен өзара түсіністікті, гуманизм идеяларын ілгерілету жолында қажырлы еңбек сіңірген ұлы тұлға деп білеміз. Адамзат баласына аманат етілген құндылықтарды қорғауға айтарлықтай үлес қосқан Аса Қасиетті XVI Бенедикттің жарқын бейнесі әлем жұртшылығының жадында мәңгі сақталады. Қаралы сәтте қайғыларыңызға ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан күллі католик қауымына көңіл айтамын", – деп жазылған жеделхатта.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
22.10.2026 08:30
Қарт ата-анаңыздың үйіндегі қауіпсіздікті тексеріп тұрыңыз - ТЖМ
21.10.2026 17:43