Приезидент министрлікке бірқатар нақты міндет жүктеді
Мемлекет басшысына министрліктің қазіргі қызметі мен алда атқаратын жұмыстарының болашағы туралы баяндалды , деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Аkorda.kz-ке сілтеме жасап.
Министрлікті қайта құру нәтижелері, сондай-ақ мәдениет, ақпарат, дін, этносаралық қатынастар, азаматтық қоғам, отбасы және жастар саясаты салаларын дамытуға бағытталған жаңа жобалар жайында мәлімет берді;
Креативті индустрияны дамытуға, кино және кітап салаларын жетілдіруге, сонымен қатар бірқатар заң жобасын әзірлеуге қатысты жұмыс жоспарын таныстырды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке аталған бағыттарды одан әрі ілгерілету жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді.
Оқи отырыңыз: Франция Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді