Белгілі тележүргізуші телеарна қызметкерлерімен әңгімелесті
5 қаңтар күні ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты және белгілі тележурналист Артур Платонов «Алматы» телеарнасының ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында қызметкерлер депутатқа журналистің мәртебесі, этикасы және БАҚ қызметіне қатысты біршама сұрақтар қойды. Сондай-ақ кездесуде тұрғын үй саясаты мен мемлекетаралық байланыстар мәселесі де сөз болды.
Қызметкерлердің кейбір мәселелерін Артур Платонов жоғарғы заң шығарушы органдарда көтеруге уәде берді.