ҚР Президенті жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді

03.06.2019 19:01

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді, деп хабарлайды  Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді. Тараз қаласында өндіріс және мәдени орындарда болып, облыс жұртшылығымен, еңбек ұжымдарымен, жастармен кездесуі жоспарланған», - делінген хабарламада.