|
02.07.2024 | 13:05
973

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Астанаға мемлекеттік сапармен келді

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өзің атағандай саяси маңызы зор іс-шара болмақ

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Астанаға мемлекеттік сапармен келді Акорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Төрағасын әуежайдан өзі күтіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Си Цзиньпин Астанадағы саммитке қатысуға келетін қонақтардың алғашқысы. Бірақ үлкен жиынға дейін екі ел басшылары екіжақты кездесу өткізбек.

Ал Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің саммитіне дайындық әлі де қызу жүріп жатыр. Қауіпсіздік шаралары қатаң тексеріліп, елорданың кейбір көшелерінде қозғалыс уақытша шектелген. Ауқымды іс-шара кезінде көптеген мекемелер онлайн жұмыс режиміне көшіпті.    

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өзің атағандай саяси маңызы зор іс-шара болмақ. Бұл басқосуда елдің болашағы шешілетін құжаттар қабылданады дейді сарапшылар. Қазақстанның сыртқы саясаттағы рөлі айқындалып, беделі артатын саммитке Астана аса жауапкершілікпен қарап жатыр. Әсіресе қауіпсіздікке баса мән берілген. Саммит кезінде Қазақстанның төрт қаласында террорлық қауіптің «сары» деңгейі енгізіледі. Яғни, бүгіннен бастап шілденің бесіне дейін Алматы, Астана, Қарағанды және Көкшетау қалаларында көлік пен жүргіншілердің қозғалысы шектеледі. Бұқаралық іс-шаралар өтетін орындарда патрульдік бақылау күшейеді. Адамдар көп жиналатын орындарда тексеріс жүреді. Әуежайлар мен теміржол вокзалдарында арнайы техникалар жұмыс істейтін болады. Қазірдің өзінде Астананың әуежай маңында полицейлер тәртіпті қорып, маңайды бақылауға алғанын көз көрді. Қаланың кіреберісіне блок бекеттер орнатылған. Бірақ бұл дегеніміз өзге қалалардан немесе Астананың іргесіндегі ауылдардан көлік кіргізілмейді деген сөз емес. Ондай шектеу жоқ. Бұдан бөлек елорданың ішіндегі стратегиялық нысандардың алдына әскерилер қойылды. Әскери ұшақтар да әуедегі қауіпсіздікті бақылайды.    

Ертең кешкі сағат 18:00-ден түнгі сағат 22:00-ге дейін Бөкейхан көшесі Керей-Жәнібек хандар мен Сығанаққа дейінгі бөлігі жабық болады.

Ал, 4 шілдеде  «Тәуелсіздік сарайы» орналасқан аумақта таңғы сағат 9:00-ден кешкі сағат 19:00-ге дейін қозғалыс шектеледі. Яғни, аталған нысанды қоршаған төрт көшемен жүре алмайсыз. Қалған уақытта қозғалысты шектеу саммитке қатысушыларды сүйемелдеп жүру кезінде жүзеге асырылады. Енді, қалалық полиция департаменті тұрғындарды бұл шешімге түсіністікпен қарауды өтініп отыр.  Айта кетейік, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне бас-аяғы 16 мемлекеттің президенті мен үкімет басшылары келеді деп жоспарланып отыр.  

Оқи отырыңыз: ШЫҰ саммитінде қандай мәселелер талқыланады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир