Бұл айтулы іс-шараға 16 мемлекеттен 10 мыңға жуық шетелдік делегация келеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ауқымды саммитте энергетика, инфрақұрылым, денсаулық сақтау, туризм және білім салаларын дамыту жолдары қаралмақ. Сарапшы Айдар Құрмашев Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті – Қазақстанның өзге елдермен байланысын нығайтады деп сенеді.
«Бұл Қазақстан үшін, әрине, тек саяси деңгейде ғана емес байланыстарды бір- біріне жақындастырмай, сонымен қатар бизнес және экономикалық орталықтардың бір бірімен байланысуына, сонымен қатар сарапшылардың арасындағы белгілі бір мүдделі зерттеулердің пайда болуына әкеледі деп айтуға болады», – деді ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты азиялық зерттеулер бөлімінің басшысы Айдар Құрмашев.
Әуелде тек көрші мемлекеттер қауіпсіздік мәселесін шешу үшін құрылған ұйым осы күні түрлі әлеуметтік-экономикалық проблемалардың түйінін тарқатып келеді. Сарапшы Талғат Қалидің айтуынша, осы жолы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 10 жылдық стратегиялық даму құжаты қабылданады.
«Ол 2025-2035 жылдарға арналған 10 жылдық стратегия болуы керек. Осы күнге дейін ШОС мұндай деңгейге шықпаған. Сондықтан бұл өтетін саммит ШОС тарихында ерекше болады», – деді Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев.
Оқи отырыңыз: Қытай және Қазақстан: жаңа көкжиекке ортақ ұмтылыс - ҚХР төрағасы Си Цзиньпин