Мәжіліс төрағасының орынбасарлары сайланды

29.03.2023 в 18:06

Дауыс беру ашық форматта өтті

Фото: wiedergeburt-kasachstan.de/ t.me/s/prokadrykz

Мәжілістің жалпы отырысы барысында палата төрағасының екі орынбасары сайланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Спикер Ерлан Қошанов әріптестеріне Альберт Рау мен Дания Еспаеваның кандидатурасын ұсынды.

Дауыс беру барысында отырысқа қатысқан 97 депутаттың 96-сы Альберт Раудың кандидатурасын қолдап, 1 депутат қалыс қалды.

Дания Еспаеваның кандидатурасын 94 депутат қолдады, бір депутат дауыс берген жоқ, 2 депутат қалыс қалды.

Дауыс беру ашық форматта өтті. Мәжілісмендер палата төрағасының ұсынысын қолдады.