Президент су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды

Фото: rbc.ru
Фото: rbc.ru
Түркістан облысының Жеңіс және Жаңа тұрмыс ауылдарын су басты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуді тапсырды. Бұл туралы ол Тwitter желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің бұзылу салдарынан Түркістан облысының Жеңіс және Жаңа тұрмыс ауылдарын су басты. Бүгін премьер-министр Асқар Мамин мен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ауыл тұрғындарын эвакуациялау бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады. Зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуді тапсырдым», - деп жазды ол.

Еске сала кетсек, кеше Өзбекстанда Сардоба су қоймасының бөгеті бұзылуына байланысты көрші елдің бірнеше ауылын су басқан болатын. Оның зардабы шекаралас орналасқан Түркістан облысының тұрғындары да тарап, Мақтааралдағы орталық коллектордан су төгілген. Соның салдарынан Жеңіс, Жаңа тұрмыс ауылдарын су алып кетті.

Облыстық маңызы бар Мырзакент – Жеңіс – Жаңа тұрмыс авомобиль жолын су басып, көлік жүре алмауда.

Қазіргі уақытта Түркістан облысында су тасқыны қаупі төнген 3 ауылдың халқы эвакуацияланып жатыр.

Новости партнеров