Ерлан Қарин ҚР Президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды

30.07.2020 18:13

Бұрын ол ҚР Президентінің кеңесшісі қызметін атқарған еді

© Sputnik / Владислав Воднев

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметінен босатылсын», делінген Президент жарлығында.