Ол мәжіліс 98 депутаттан тұратынын атап өтті
Парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсыну 20 қаңтарда басталады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Кандидаттарды ұсыну 20 қаңтарда басталып, 8 ақпанда сағат кешкі алтыда аяқталады", - деді ол ОСК баспасөз мәслихатында.
Ол мәжіліс 98 депутаттан тұратынын атап өтті. 69 депутат партиялық тізімдер бойынша, ал 29 депутат бір мандаттық аумақтық округтер бойынша сайланады.
Мәжіліс депутаттығына мынадай талаптар қойылады:
Мына адамдар депутат бола алмайды:
«Ассамблея мүшелері Мәжілісте мүлдем болмайды. Бірақ бұл жерде бір нәрсе бар, кемінде бір палата толығымен халықтың дауыс беруімен құрылуы керек. Біздің Конституциялық реформаның өзектілігі Мәжіліс алдағы YIII шақырылымы толық халықтың тікелей жасырын дауыс беруімен сайланады», деді ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.
Партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарды ұсыну құқығы саяси партияларға, ал бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ жарғыда тиісті өкілеттік көзделген болса, олардың құрылымдық бөлімшелеріне (филиалдары мен өкілдіктеріне) және өзін-өзі ұсыну арқылы азаматтарға тиесілі.