Еңбекшіқазақ ауданының әкімі қызметінен кетті

16.02.2021 18:18

Ақпаратты әкімнің баспасөз қызметі растады

gov.kz

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі қызметінен кетті. Ақпаратты әкімнің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қуанышбек Қашқымбаев өз еркімен Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімі қызметінен кеткені хабарланды.

«Қуанышбек Қалиұлы 2021 жылы 12 ақпанда өткен кеңесте қызметтен өз еркімен кететінін мәлімдеді, сондай-ақ әріптестеріне бірлескен жұмысы үшін алғыс айтып, барлығына табыс тіледі», – деп хабарлады баспасөз қызметі өкілдері.

Қуанышбек Қалиұлы Қашқымбаев Еңбекшіқазақ ауданы әкімі қызметін 2020 жылдың 2 шілдесінен бастап атқарды.

«Қазір әкімнің міндетін оның орынбасарлары атқарады», – деп толықтырды ведомстводағылар.