Президент Швеция мен Нидерланд корольдігіндегі елшілерді тағайындады

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысының арнайы Жарлығы жарияланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Мұхамедғалымұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Сергей Нұртайұлы Нұртаев Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды», - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды», - делінген Ақорда хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Қос азаматтығы бар тұрғын Қазақстаннан шығарылды

Новости партнеров