Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің өкілеттігі тоқтады
Фотоколлаж: tengrinews.kz
Әйтсе де олар жаңа басшы тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқара береді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және басқа да облыс әкімдерінің өкілеттігін тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бұл шешім Қазақстан республикасы Конституциясының 87-бабы 5-тармағына сәйкес қабылданыпты. Сондай-ақ, мемлекет басшысы өзіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган басшыларының өкілеттігін тоқтату туралы жарлыққа да қол қойды. Әзірге әкімдер мен мемлекеттік орган басшылары орындарына жаңа басшы тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқара береді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30