Қазақстанда Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі құрылмақ

Қазақстанда Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі құрылмақ
Оны басқаруға Мағзұм Мырзағалиевтың кандидатурасы ұсынылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін, 17 маусым күні Мәжілісте экология және табиғатты пайдалану жөніндегі комитетінің отырысы өтті. Жиында Мағзұм Мырзағалиевтің Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметіне тағайындау үшін кандидатурасы мақұлданды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес қаралды.

Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша кандидатты кеңсе басшысы Ғалымжан Қойшыбаев таныстырды.

Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшелері Мағзұм Мырзағалиевке бірнеше сауалдар қойды.

ҚР Парламенті Мәжілісі Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысының қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-министрі ұсынған Мағзұм Маратұлы Мырзағалиевтың кандидатурасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындау үшін ұсынылды.

Новости партнеров