«Алматы қаласын дамыту орталығына» жаңа басшы келді

«Алматы қаласын дамыту орталығына» жаңа басшы келді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Санжар Ізтілеуов «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ-ның төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орталықтың қызметі – ең үздік әлемдік тәжірибе мен әдістерге сүйене отырып, Алматыны тұрақты дамыту, сондай-ақ қаланың әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартуға жәрдемдесу.

Ізтелеуов Санжар Бейсенбайұлы 1975 жылы туған.

1992 - 2001 жылдар аралығында коммерциялық және халықаралық ұйымдарда түрлі қызметтер атқарды. 2003 - 2005 жылдары – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі экономикалық саясат және индикативті жоспарлау департаменті макроэкономикалық болжау бөлімінің бастығы болды.

2005 - 2006 жылдары - «ҚазТрансГаз Дистрибьюшн» АҚ келісімшарттық мониторинг және клиринг департаменті директорының орынбасары.

2006 жылдан бастап - «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ басқарушы директоры - инфрақұрылымдық жобалар дирекциясының бастығы.

2011 - 2012 жылдары - «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

2013 жылдың шілдесінен бастап «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2014 жылдың мамырында басқарма төрағасының міндетін атқарушы.

2015 жылғы қаңтардан 2017 жылғы сәуір аралығында - Басқарма төрағасы болып тағайындалды.

2017 жылдың қазанынан 2019 жылдың шілдесіне дейін «Қазақ Туризмі» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылдың 31 шілдесі күні «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды. «Алматы даму орталығы» АҚ қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады.

Новости партнеров