Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды теледебатқа қатыспайды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан ақпараттық агенттігіне президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин мәлімдеген.
«Президент сайлау үдерісі басталғанда-ақ өзінің үгіт-насихат науқанына қатысуын барынша шектеді. Барлық үгіт жұмыстарын қоғамдық штаб пен оның сенімді тұлғалары жүргізеді», - деп атап өтті Қарин.
Спикердің айтуынша, Тоқаев басқа кандидаттардың БАҚ-қа тең қол жеткізуі ғана емес, сондай-ақ мүмкіндігінше көбірек электоралды мүмкіндіктері болуы тиіс деп есептейді.
Сондықтан, Тоқаев ауқымды іс-шараларға қатысудан бас тартып, пікірталасқа қатысуды өзінің қоғамдық штабына тапсырған.
«Президент үшін басқа кандидаттарда өздерін жақсы көрсетіп, өз позициясын кеңінен жеткізе алатын мүмкіндіктер көп болғаны маңызды. Естеріңізде болса, ол адал және еркін сайлау өткізуге жеке өзі кепілдік берген және бұл оның принципті ұстанымы», - деді Қарин.
Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта Тоқаев іс-шараларға негізінен мемлекет басшысы ретінде, өзінің негізгі қызметі шеңберінде қатысып жүргенін айтты.
Еске сала кетейік бүгін, 29 мамырда президенттікке үміткерлер арасында сайлау алдындағы пікірталас өтеді. Теледебатты «Хабар» арнасы кешкі сағат 18-00 де тікелей эфирден көрсетеді.