Биылғы Мәжіліс депутаттарын сайлауға үлкен өзгерістер енгізіліп жатыр - Бауыржан Жақып

21.01.2023 18:44
almaty.tv

Елімізде саяси реформалар жүріп жатыр. Мәжіліс депуттарын және қалалық, облыстық мәслихат депутаттарын сайлау  өткізілмекші. Соған байланысты Қазақстан жазушылар одағы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып өз пікірінде саяси реформа деген 1 күнде жасалынатын дүние емес екенін атап өтті.

"Күні кеше ғана Президенттің жарлығымен Мәжіліс депутаттары таратылды. Енді Мәжіліс депутаттарын жаңадан сайлау жүргізілмекші. Ол 19 наурызға белгіленіп отыр. Жалпы саяси реформа деген  1 күнде жасалынатын дүние емес. Сондықтан да кезең-кезеңімен жасалынып отыр. Биылғы Мәжіліс депутаттарын сайлауға үлкен өзгерістер енгізіліп жатыр. Ең бастысы – 70 %-ы партияның тізімімен сайланады, ал 30 %-ы бір мандаттық округте сайланады. Міне, бұл – ең басты ерекшелік. Бұрын  бұндай сайлау болмаған", – деді Қазақстан жазушылар одағы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин алдағы ҚР Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлаудың негізгі он жаңалығын атап өткенін еске салайық.