Азамат Базылбеков комитет басшысы қызметінен босатылды
Дархан Қанатбеков Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жаңа төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды министрдің кеңесшісі Нұрділдә Ораз.
«Ішкі істер министрінің бұйрығымен Қазақстан Республикасының ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы болып полковник Қанатбеков Дархан Тұрсынұлы тағайындалды. Министр Тұрғымбаев жаңа ҚАЖК төрағасын жеке құрамға таныстырды», - деді Нұрділдә Ораз. Азамат Базылбеков комитет басшысы қызметінен босатылды.
Қанатбеков қылмыстық-атқару жүйесі органдарында 2001 жылдың қазанынан бастап қызмет етеді, жеткілікті жұмыс тәжірибесі бар, оның ішінде басшылық лауазымдарда да болған.
Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бөлім басшысыы, бастықтың орынбасары, мекеме бастығы, бастықтың орынбасары, бастығы болып жұмыс істеді. Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Кездесу барысында Ерлан Тұрғымбаев Комитет қызметкерлеріне Ішкі істер органдары мен қылмыстық-атқару жүйесін жаңғырту жөніндегі негізгі іс-шаралар туралы мәлімдеді.