ТМД Үкімет басшылары кеңесінің келесі отырысы Бішкекте өтеді

28.10.2022 18:50

Отырыс 2023 жылы 2 маусымда өтеді

kaz.zakon.kz

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы 2023 жылы Бішкекте өтеді. Бұл туралы ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қырғыз Республикасының ұсынысы бойынша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысын 2023 жылы 2 маусымда Бішкекте өткізу шешімі қабылданды», - деді Сергей Лебедев елордада өтіп жатқан ТМД-ға мүше мемлекеттер Үкімет басшылары кеңесінің отырысында.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ТМД елдері ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын пысықтап жатқанын айтты.

Дереккөз: ҚазАқпарат