Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барды
Мемлекет басшысы Абу-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездеседі
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Бүгін Қазақстан Президенті Абу-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездеседі. Бас қосу кезінде екі жақты ынтымақтастық мәселесі кең ауқымда талқыланбақ. Одан бөлек осы елдің іскерлік топтарының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізу жоспарланған. Ал, ертең Қасым-Жомарт Кемелұлы аталған елдің бірнеше жоғары лауазым иелерімен кездеседі», деді ол өз парақшасында.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
10.11.2026 09:40
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
09.11.2026 12:50
Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді
09.11.2026 10:00