Алматыда Шоқан Уәлиханов атындағы алаң маңында келісілген митинг басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Митингке қатысушылар қолдайтындықтарын білдіруде.
«Жаңару – Жаңа Қазақстанның талабы. Партияның кезектен тыс ХХІІ съезінде Nur Otan партиясының атауы AMANAT деп өзгертілді. AMANAT халық мұрасын сақтаушы партия. Бұл бас партияға артылған міндет. Ал рухани құндылықтарымызды сақтау – басты аманат»,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
«Президентіміз Қ. Тоқаев жүзеге асырып жатқан бастамалар мен реформалар ҚР Конституциясында паш етілген құқықтық мемлекет құруға жол ашатынына сенім мол. Біз саяси модернизациялаудың жаңа кезеңіне аяқ бастық. AMANAT партиясының дүниеге келгені осының көрінісі. Тәуелсіздік – бабаларымыздың арманы әрі аманаты. Ал жаһандану тұсында арман мен аманат ақиқатқа айналу үшін елдегі ынтымақтан, келісімнен, кемел үнқатысудан артық дүние жоқ», – деді
AMANAT партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов.