«Алматы» ӘКК басшысы болып Асқар Білісбеков тағайындалды

«Алматы» ӘКК басшысы болып Асқар Білісбеков тағайындалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқармасының төрағасы болып Асқар Білісбеков тағайындалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Асқар Білісбеков 1984 жылы 6 сәуірде туылған. KIMEP-те «Бизнесті басқару және бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша оқыған, University of Westminster, Westminster Business School магистрі дәрежесі бар, АҚШ-тағы IREM жылжымайтын мүлікті басқару Институтының «Жылжымайтын мүлікті басқаруды сертификаттау» курсында сырттай оқиды.

Тағылымгерден ірі компаниялардың бірінші басшысына дейінгі жолдардан өткен: «Астана Моторс» КМК, «GGC» дистрибуторлық компаниясы, «КазНТЕВ» СК, бизнестің иесі атанған (SNC журналы, ресейлік франшиза, Rock Of AI жарнама агенттігі). 2018 жылдан «Estate Management Company» АҚ-ы басқармасының төрағасы, директорлар кеңесінің мүшесі болған.

Жыл сайын қоғамдық негізде KIMEP-те шақырылған спикер ретінде лекциялар оқиды, кәсіби (Colliers, CREW) шараларда баяндамалар жасайды, коммерциялық жылжымайтын мүлік саласында Қазақстанның басқару Ассоциациясы мен сервистік компанияларының атқарушы директоры болып табылады.


Новости партнеров