Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Мәскеу Үкіметінің министрі, қалалық сыртқы экономикалық және халықаралық байланыс департаментінің басшысы Сергей Череминмен келіссөз жүргізді. Олар денсаулық сақтау, білім беру, көлік инфрақұрылымы, тұрғын үй коммуналдық шаруышылығы және цифрландыру салаларын жетілдіру мәселелері бойынша тәжірибе алмасу, болашақта серіктестік құру туралы сөйлесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Шаһарымызға 3 күндік сапармен келген Мәскеу делегациясы Вознесен кафедралды шіркеуі мен Ықылас атындағы Ұлттық музыкалық аспаптар музейіне барды. Ал таңертең меймандар 28 панфиловшылар саябағындағы Даңқ мемориалына салтанатты түрде гүл шоғын қойды.
Бұдан бөлек, қалада бокстан халықаралық жасөспірімдер турнирі басталды. Алматыдағы Мәскеу күндері аясында өткізіліп жатқан жарысқа спортшылар Мәскеуден келді. Көрші елдің спорт мамандары біздегі бокс мектебінің мықты екендігін атап өтті. Бұл сайыстан олар әсерлі ойын күтеді. 14-15 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысып жатқан сайыста 12 кездесу болады деп күтілуде.
«Әрине, тәжірибе алмасу керек. Бұл ретте біз сіздерге келіп тұрамыз, не болмаса сіздер бізге келесіздер. Бұл – таптырмас тәжірибе. Өйткені тек Мәскеу, жалпы Ресейде бокспен айналысатын балалар халықаралық кездесулерге бұрын-соңды шықпаған. Ал бұл жерде олар халықаралық деңгейге шығады», – бокстан Мәскеудің жасөспірімдер командасының аға жаттықтырушысы Сергей МИЗЕРИЙ.