Қорғаныс министріне жаттығудың үздік қатысушыларын марапаттауды тапсырамын - Президент
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметкерлерді алда келе жатқан мерекелермен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол 3 мамыр күні Алматы облысының Көктал полигонында өтіп жатқан «Айбалта-2019» әскери оқу-жаттығулары кезінде сөз сөйледі.
«Сарбаздар мен офицерлер, сіздер өздеріңіздің әскери шеберліктеріңізді, ықтимал қауіп-қатерлерге қалай сәтті қорғаныс таныта алатындықтарыңызды көрсеттіңіздер. Қорғаныс министріне жаттығудың үздік қатысушыларын марапаттауды тапсырамын. Біз бұдан кейін де әскери қызметтің имиджін арттырып, әскери қызметшілерге қолдау көрсетеміз және барлық әлеуметтік мәселелерді бірге шешетін боламыз. Барлықтарыңызды келе жатқан Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймын! Айбынды армиямыз жасасын, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы жасасын. Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы жасасын! Ура», – деді Президент.