ЖСДП президенттік сайлауға қатыспайды

26.04.2019 19:14

Партия мүшелері талқылауды қорытындылай келе, ЖСДП сайлауға қатыспайды деген тоқтамға келді

26 сәуір күні Алматыда Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының 14 съезі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Съезде Қазақстанның президенттігіне кандидат ұсыну туралы мәселе талқыланды. Елдегі сайлау 2019 жылы 9 маусым күні өтеді.

Партия мүшелері талқылауды қорытындылай келе, ЖСДП сайлауға қатыспайды деген тоқтамға келді.

Айта кеткен жөн, 25 сәуір күні ҚР ОСК Қазақстан президенттігіне кандидаттыққа ұсыну бойынша Садыбек Түгел, Қасым-Жомарт Тоқаев, Амангелді Таспихов және Дания Еспаеваның құжаттары тапсырылды.