Асқар Мамин жаңа қызметке ие болды

05.03.2019 19:15

Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин «Бәйтерек» ұлттық холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы атанды, деп хабарлайды KASE-ге сілтеме жасап Stan.kz.

Қазақстандық қор биржасының мәліметінше, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді.

Кеңес құрамынан төраға Бақытжан Сағынтаев пен ДК мүшелері Ерболат Досаев, Әлихан Сымайлов, Тимур Сүлейменов, Жеңіс Қасымбек шығарылды.

Олардың орнына жаңа мүшелер тағайындалды. Осылайша, Асқар Мамин директорлар кеңесіне төраға ретінде сайланды. Ал Жеңіс Қасымбек, Әлихан Сымайлов, Руслан Дәленов және Роман Скляр кеңес мүшесі атанды.

Осылайша, қазіргі уақытта кеңес 10 адамнан тұрады: Асқар Мамин, Жеңіс Қасымбек, Әлихан Сымайлов, Руслан Дәленов, Роман Скляр, Ерұлан Жамаубаев, Айдар Әріпханов, Клаус Мангольд, Томас Миров, Филипп Йео.


Теги: төраға