Қасым-Жомарт Тоқаевты Әзербайжан Президентінің «Загульба» резиденциясында салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Әзербайжанның мемлекеттік әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Салтанатты рәсімнен кейін екі ел басшылары келіссөз залына өтті.