Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды

11.09.2019 00:05

Алынған сома 5 миллион теңгені құрайды

фото © Sputnik / Болат Шайхинов

Бұл туралы еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.  Аудан әкімінің орынбарасы 5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілініп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

 Шенеунік мемлекеттік сатып алу келісімшарты негізінде ауданды жарықтандыру қызметі бойынша атқарылған жұмыстардың актісіне қол қойып, «қамқорлық» жасау үшін пара талап еткен көрінеді.  Істің ақ-қарасы анықталуда.

Теги: взятка