Қытайдың әскери ұшақтары Тайванға басып кірген бе

25.01.2021 19:25

Бейжің Тайван өзінің территориясы деп санайды

ашық дереккөзден

Тайванның қорғаныс министрлігі сегіз қытайлық бомбардир мен төрт жойғыш ұшақ елдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс аймағына кіргенін хабарлады. Осылайша, ел билігінің мәліметінше, екінші күні қытайлық әскери ұшақтар жаппай басып кірген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Формоз жағалауында H-6K сегіз бомбардирі мен J-16 жойғыш ұшағы пайда болған. Тайванның әскерилері шетелдік ұшақтарға ескерту жасап, шабуылдарды бақылап және ескерту үшін зымырандар орналастырылды. Сонымен қатар, әскери ұшақтар әуеге көтерілді.

Айта кетейік, Бейжің Тайван өзінің территориясы деп санайды. Осыған байланысты Қытайдың әскери-әуе күштері бірнеше рет аралдың оңтүстік бөлігі мен Оңтүстік Қытай теңізіндегі Пратас аралдары арасында жиі рейстер жасаған.