ҚР-ның Словак Республикасындағы елшісі болып Роман Василенко тағайындалды

21.12.2019 19:27

Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды

mfa.gov.kz

Мемлекет басшысының Өкімімен Роман Юрьевич Василенко Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылып, басқа қызметке ауысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Василенко Роман Юрьевич Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Теги: СІМ