Мемлекет басшысы Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды

14.08.2024 16:33

Ол өңірдің бірқатар өндірістік және индустриялық кәсіпорындарын аралап көреді

Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Сапар барысында Президент өңірдің бірқатар өндірістік және индустриялық кәсіпорындарын аралап көреді. Сонымен қатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысады", - делінген хабарламада.