Ақорда Конго президентінің Астанаға ресми сапары барысында қол қойылған құжаттардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Конго Республикасы Президентінің Қазақстанға ресми сапары аясында мынадай құжаттарға қол қойылды:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Конго Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық паспорт иелерін виза талаптарынан өзара босату туралы келісім;
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Конго Республикасының Сыртқы істер, франкофония және шет елдердегі конголықтардың істері жөніндегі министрлігі арасындағы саяси консультациялар туралы меморандум;
3. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Конго Республикасының Пошта, телекоммуникация және цифрлық экономика министрлігі арасындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, электронды үкімет қызметтері, ғарыш және киберқауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Конго Республикасының Тау-кен өнеркәсібі және геология министрлігі арасындағы тау-кен өнеркәсібі және геология саласындағы меморандум;
5. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Конго Республикасының Энергетика және гидроэнергетика министрлігі арасындағы электр энергетикасы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
6. "Астана" халықаралық қаржы орталығы мен Конго Республикасының Экономика және қаржы министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
7. "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ мен "National Petroleum Company of the Republic of Congo" арасындағы мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
8. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мен Конго Республикасының Пошта және электрондық коммуникацияларды ұлттық реттеуші органы (ARPCE) арасындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
9. "Қазақстан ғарыш сапары" ҰК" АҚ мен Конго Республикасының Пошта және электрондық коммуникацияларды ұлттық реттеуші органы (ARPCE) арасындағы жерді қашықтан зондтаудың ғарыштық жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
10. "MSPP GL" ЖШС мен Конго Республикасының Пошта және электрондық коммуникацияларды ұлттық реттеуші органы (ARPCE) арасындағы киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум.
Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Конго Республикасының Президентімен шағын құрамда келіссөз жүргізді