Cұлулық салондары, шаштараз, спорт залдары, фитнес орталықтардың қызметіне тыйым салынады

02.07.2020 19:32

Мемлекеттік комиссия отырысында белгілі болды

Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанудың өсуін ескере отырып, Мемлекеттік комиссия биылғы 5 шілдеден бастап шектеу шараларын енгізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

14 күнге созылатын шектеулер келесідей: Елдер тізімін көбейтпей, халықаралық әуе қатынасын сақтау, өңірлер арасындағы әуе қатынасын, темір жол қатынасын шектеулермен сақтау; Өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы қатынасын уақытша тоқтату, қоғамдық көліктің жұмысын уақыт бойынша шектеу.  Ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын өткізуге тыйым салу, ашық ауада жаттығулар жасауға рұқсат ету, тұрғындардың көшелерде, саябақтарда, скверлерде 3 адамнан артық серуендеуін шектеу, 65 жастан асқан адамдардың сыртқа шығуын шектеу. Сонымен бірге мына тізімде көрсетілген бірқатар нысандардың қызметіне тиым салынды. 

Ол сұлулық салондары, шаштараз, спорт залдары, фитнес орталықтар, бассейндер, азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлар, жағажайлар, аквапарктер, мәдениет нысандары, музейлер, көрмелер, форумдар, конференциялар және өзге де бұқаралық іс-шаралар, ойын-сауық орталықтары, мектепке дейінгі балалар мекемелері (кезекші топтардан басқа), діни нысандар. Одан бөлек, ойын-сауық орталықтары, ойын-сауық нысандары (караоке, бильярд, компьютер клубтары, боулинг орталықтары), кинотеатрлар, балаларды сауықтыру лагерлері, фудкорттар, банкет залдары жұмысын тоқтатады.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың, кеңселердің, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерінің кемінде 80%-ның қашықтан жұмыс істеу режимін сақтау тапсырылды. Алдын ала жазылу бойынша медицина орталықтарының қызметі жалғасады. Дәріханалардың, азық-түлік дүкендерінің, ашық базарлардың қызметі де сақталады. 

Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, ашық ауада қоғамдық тамақтану нүктелері, үздіксіз өндірістік айналымы бар құрылыс, өнеркәсіп нысандары, ашық ауадағы құрылыс жұмыстары, ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және мал шаруашылығы, халыққа қызмет көрсету салалары, оның ішінде авто жуу, автомобильдерді және тұрмыстық техниканы жөндеу, Халыққа қызмет көрсету орталықтары екінші деңгейлі банктер уақыт бойынша енгізілген шектеулерге сәйкес жұмыс істейді. Айта кетейік, еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың алдағы уақытта қалай өзгеретініне байланысты аталған шектеу шаралары 2 аптаға ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін. Ал 5 шілдеге дейін дәріханаларды қажетті дәрілермен қамтамасыз ету, диагностиканы қолжетімді ету, медициналық көмекті жақсарту сияқты  шаралар қолға алынады.  

ГРАФИКА 1

Көлік қатынасы бойынша

Елдер тізімін көбейтпей, халықаралық әуе қатынасын сақтау;

Өңірлер арасындағы әуе қатынасын, темір жол қатынасын сақтау (шектеулермен);

Өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы қатынасын уақытша тоқтату;

Қоғамдық көліктің жұмысын уақыт бойынша шектеу.

ГРАФИКА 2

Азаматтардың жүріп-тұруы бойынша

Ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын өткізуге тыйым салу;

Ашық ауада жаттығулар жасауға рұқсат ету;

Тұрғындардың көшелерде, саябақтарда, скверлерде 3 адамнан артық серуендеуін шектеу;

65 жастан асқан адамдардың сыртқа шығуын шектеу.

ГРАФИКА 3

Қызметіне тыйым салынған нысандар

Сұлулық салондары, шаштараз;

Спорт залдары, фитнес орталықтар, бассейндер;

Азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлар;

Жағажайлар, аквапарктер;

Мәдениет нысандары, музейлер, көрмелер, форумдар, конференциялар және өзге де ұйымдастырылған бұқаралық іс-шаралар;

Ойын-сауық орталықтары;

Мектепке дейінгі балалар мекемелері (кезекші топтардан басқа):

Діни нысандар

Ойын-сауық нысандары (караоке, бильярд, компьютер клубтары, боулинг орталықтары), кинотеатрлар, балаларды сауықтыру лагерлері, фудкорттар, банкет залдары)