|
02.05.2019 | 19:38
4153

13 сөйлемде 19 қате: Президенттіктен үміткер Жұматай Әлиев емтиханнан өте алмады

Үміткер бірінші кезеңде «Мемлекет және дін» атты тақырыпта шығарма жазған

13 сөйлемде 19 қате: Президенттіктен үміткер Жұматай Әлиев емтиханнан өте алмады

Лингвистикалық комиссия «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігі атынан Президенттікке үміткер болған Жұматай Әлиевті қазақ тілін толық меңгермегендігінен, кандидатурасын сайлауға жіберген жоқ. Емтихан қабылдағандар үміткердің өз уақытын толық пайдалағанын айтады. Ол «Мемлекет және дін» тақырыбында жазбаша жұмысты жазып, оны аша алмаған. Тіпті, «Абай жолы» романын да дұрыстап оқи алмаса керек. Үшінші кезеңде Жұматай Әлиевтің «Ырыс алды - ынтымақ» тақырыбында сөз сөйлеуі де комиссия көңілінен шықпапты.

 «Жауабына қанағаттанған жоқпыз. Жазба жұмысында 19 қате жіберген. Бұл өте көп. Сөйтіп, лингвистикалық комиссия Жұматай Әлиевті мемлекеттік тілді еркін меңгермеген деген қорытынды шығарды», – дейді лингвистикалық комиссия мүшесі Әділ АХМЕТОВ.

Айта кетейік, Жұматай Әлиев – бүгінде Орталық Азия университетінің ректоры, философия ғылымдарының докторы, профессор, академик. Екінші және үшінші дәрежедегі «Барыс» орденінің иегері. Сондай-ақ 2012 жылы Парламент Мәжілісінің бесінші шақырылымының депутаты болған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир