Алматы Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Ол 2014 жылдан бастап Алмалы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасында басшы қызметін атқарған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығына Ақжігіт Бекбердиев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасарының бұйрығымен ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып Бекбердиев Ақжігіт Лесұлы тағайындалды», - деді департаменттің баспасөз қызметі.
Ақжігіт Бекбердиев 1965 жылы туған. Салық органдарындағы еңбек жолын 1989 жылы бастаған. Әр жылдары аудандық салық органдарын басқарып келген. 2014 жылдан бастап Алмалы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасында басшы қызметін атқарған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
15.10.2026 13:44
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
15.10.2026 08:14
Президент Бельгиялықтар королі мен патшайымын Алматыға шығарып салды
14.10.2026 10:18
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
15.10.2026 13:30