Алматы әкімі Қазақстандағы АҚШ Елшісінің орынбасары Теодор Лингпен кездесті
пресс-служба акима
Алматыда 181 кәсіпорын американдық капиталмен жұмыс істейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бақытжан Сағынтаев Қазақстандағы АҚШ Елшісінің орынбасары Теодор Лингті қабылдады. Кездесу барысында тараптар инвестициялық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бүгінде Алматыда американдық капиталмен телекоммуникация, қаржы және сауда салаларында 181 кәсіпорын жемісті жұмыс істейді. Алматы мен АҚШ арасындағы тауар айналымы биылғы 5 айда 9%-ға өскен. Шаһар басшысы өз сөзінде, Теодор Лингке мегаполистің даму концепциясы туралы айтып берді. Ал, АҚШ елшісінің орынбасары, Алматының екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық байланысын нығайтуда үлкен рөлі барын атап өтті. Әрі инвестициялық, гуманитарлық байланысты әрмен қарай дамытуға дайын екенін жеткізді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34