«Нұр Отан» партиясының кеңейтілген саяси отырысы кейінге шегерілді

14.03.2020 19:43

Жоспар бойынша отырыс 18 наурызда Елбасының төрағалығымен өтуі керек болатын

Informburo.kz

Коронавирусқа байланысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтетін «Нұр Отан» партиясының кеңейтілген саяси отырысы кейінге шегерілді. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өз твиттер парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі.

Жоспар бойынша отырыс 18 наурызда болуы керек болған. Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясы кеше азаматтарды қабылдауды да тоқтата тұратындарын хабарлаған еді.