Президент Қазақстан халқына бейнеүндеу жасайды

03.06.2022 19:47

Бейнеүндеу бүгін сағат 16.00-де болады

www.akorda.kz

Президент Қазақстан халқына бейнеүндеу жасайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Бүгін сағат 16.00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусым күні өтетін референдумға байланысты республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына бейнеүндеу жасайды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың референдумға байланысты бейнеүндеуін «Алматы» телеарнасынан көре аласыздар.