Алматыда саяси додаға ұстаздар да белсенді ат салысуда

09.06.2019 19:48

Әзірге тіркелген 2 мың 280 адамның 15 пайызға жуығы дауыс беріп үлгерген

Алматы қаласының 372 сайлау учаскесінде сайлауға қатысып, өз таңдауын жасағандар қатары артып келеді. Әзірге тіркелген 2 мың 280 адамның 15 пайызға жуығы дауыс беріп үлгерген, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

«Жалпы, таңертеңнен бері қызу жұмыс жүріп жатыр. Оған дәлел сайлау учаскесіне  сайлаушылардың көптеп келуі. Кейбір адамдар сайлау учаскесінің ашылуын күтіп тұрды. Дауыс берушілердің белсенділігі өте жақсы», - деді Алматы қаласы № 372 учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Эльмира БИДАЙБЕКОВА.

Саяси додаға ұстаздар да белсенді ат салысуда. Тіптен, жастарды маңызды сәтте дұрыс таңдау жасап, тысқары қалмауға шақырды.

«Бұл сайлау Қазақстанда тұрып жатқан халық үшін ерекше мәні бар, маңызы бар жауапкершілігі жоғары сайлау деп ойлаймын. Елімізде бейбітшілік, татулық, халық арасында  бірліктің болғаны біз үшін маңызды», - деді ҚР Еңбек ері Аягүл МИРАЗОВА

«Қазақстан азаматы ретінде әр адам өзінің Конституциялық құқығын пайдалану керек. Сол үшін өз таңдауымды жасау үшін сайлауға келдім. Өмір бойы өмірімді ұстаздыққа арнаған адам ретінде айтарым біздің жастарымыз белсенді болса екен», - деді ҚР Еңбек сіңірген қызметкері Шәмшә БЕРКІМБАЕВА.

Теги: ұстаздар