|
25.02.2022 | 20:40
5043

Екі жақ келісімге келуі керек – саясаттанушылар Украинадағы жағдай туралы

Мамандар екі ел арасындағы соғыстың географиясы ұлғайып кетпей ме деп алаңдаушылық білдіреді

Екі жақ келісімге келуі керек – саясаттанушылар Украинадағы жағдай туралы Almaty.tv

«Бейбітшілікте өмір сүру үшін соғыстан басқа модель ойлап табу керек, келісімге келу қажет». Еліміздің бірқатар саясаттанушысы Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстарға қатысты осындай пікір білдіруде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сарапшылар билік үшін халық зардап шекпеуі тиіс дейді. Олар Қазақстан сыртқы саясатта көпвекторлы бағытты ұстанатынын айтып, екі мемлекет басшыларын келісімге шақыру керек екенін алға тартты. Өйткені қай жағынан алсақ та, бұл соғыс әлем елдерімен қоса, Қазақстан экономикасына да тиімсіз.  

«Екі жаққа да соғысты тоқтатып, сөйлесуге, келісімге отыруы керек. Онсыз басқа істердің ешқайсы ешнәрсеге әкелмейді. Шешілмейтін жағдай жоқ. Оған тек қана екі мемлекеттік билігінің ықыласы керек», - деді саясаттанушы Есенжол Әлияров.

Мұндай саяси аренадағы қақтығыстар елдегі ішкі экономиканы одан ары дамыту керек екенін тағы да айқындай түседі дейді мамандар. Ол үшін әр саладағы өнеркәсіпті дамыту маңызды. Сонда ғана халықтың әлеуметтік жағдайына сыртқы күштер қатты әсер ете алмайды дейді. Келісімге келуді үндеген саясаттанушылар екі ел арасындағы соғыстың географиясы ұлғайып кетпей ме деп алаңдаушылық білдіріп отыр.

«Украина мен Ресейді біз бейбітшілікке шақырамыз. Біз Ресейге қатысты санкцияларға қатыспаймыз. Оған кіріссек, онда ол өзімізге жаман. Ал Батыс елдеріне ол пәлендей соққы емес, олар көмекті бергенді қояды. Сонда Ресейге бізбен, Қытаймен сауда жасаудан басқа ештеңе қалмайды», - деді саясаттанушы Әзімбай Ғали.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир