Қасым-Жомарт Тоқаев бюджетті қалыптастыруды қайта қарастыруды тапсырды

27.03.2019 19:57

Тоқаев қолданыстағы бюджет теңдестірілмегенін және қайта форматтауды талап ететінін атап өтті

МИА «Казинформ»

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бюджетті қалыптастырудағы қадамдарды қайта қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Талқылау кезінде Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев қолданыстағы бюджет теңдестірілмегенін және қайта форматтауды талап ететінін атап өтті. Осы орайда бірінші кезекті әлеуметтік құрамдауыш бөлігі өсіп келе жатқанын ескере отырып, бюджетті толықтыру көздерін түрлендіру әрі өрістету қажеттігі айтылды.

«Екіншіден, ол бюджеттің «өнімсіз шығындарына» қатысты. Қажетсіз шығындар өте көп. Біз бюджетке қатысты қатынасты түбегейлі өзгертуіміз керек», - деді Президент.  


Теги: бюджет