Нұр-Сұлтанда Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың баспасөз конференциясы өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Жыл басынан бері Алматыда 40,4 мың жаңа жұмыс орны ашылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарыштап дамыған қала. Алматыда өткен он айда барлық саланың экономикалық көрсеткіші 104 пайызды құраған. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев бүгін елордада орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Атап айтар болсақ, 6 негізгі саланың, яғни өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік, байланыс салаларының экономикалық даму көрсеткішІ 104,9%-ды құраған. Сондай-ақ тұрғындар табысы өскен. Кәсіпкерліктің өрісі кеңіген. Жұмыссыздықтың алдын алу бойынша жүйелі іс-шаралар қолға алынған. Жыл басынан бері Алматыда 40,4 мың жаңа жұмыс орны ашылды.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл 19 мың адам тұрақты жұмыс орындарына, 6 мың адам уақытша жұмысқа орналастырылды.  NEET санатындағы жұмыс істемейтін азаматтар мен жастар үшін біз базарларда, вокзалдарда, жәрмеңкелерде 12 мобильді жұмыспен қамту орталығын аштық. Сондай-ақ, тұрмысы төмен көп балалы отбасыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 200 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде (505 мың теңге) гранттар бөлеміз. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі біршама қысқарды. Бүгінгі күні бұл көрсеткіш 5,1%-ға (2014 жылы - 5,5%, 2018 жылы - 5,2%) тең», – деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан САҒЫНТАЕВ.

Бақытжан Сағынтаев алматылықтардың Өмір сапасын жақсарту бойынша жұмыстарды бірінші кезекке қойған. Қалалық инфрақұрылымды жаңғыртуға ерекше мән беріп отырғандарын атап өтті. Мәселен, тұрғындарды ауыз сумен 100% қамтамасыз ету үшін ауқымды жұмыстар жүргізілуде. 23 шағын аудандағы 105 мың тұрғынды сумен және кәріз жүйесімен толық қамту бойынша барлық жұмыстарды 2023 жылы аяқтауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар 208 көшеге жарық орнатылған. Келесі жылы тағы 1176 көше ақ самаладай жарқырамақ. Бұдан бөлек әлеуметтік салалар мәселелерін шешу бойынша арнайы жобалар жүзеге асрылып жатқанын айтты.

«Жылдың басынан 672 аулаға абаттандыру жұмыстары жүргізілді.  Абаттандырылған аулалардың үлесі 55%-ға жетеді. 2020 жылдан бастап «Менің аулам» ауқымды бағдарламасын бастаймыз. Алдағы 2 жылда аулаларды абаттандыруды 100%-ға аяқтаймыз.   Қысқа мерзімді міндет - жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы  жолдардың үлесін - 75%-ға жеткізу. 231 көшедегі 54 шақырым жолдың құрылысы аяқталды», – деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан САҒЫНТАЕВ.

Алматы әкімдігі инвестиция тартуға да ерекше басымдық беріп отыр. Бүгінде Алматы бизнес жүргізу үшін еліміздегі ең қолайлы қала болып отыр. Doing business рейтингінде Алматы қаласы өңірлердің арасында бірінші орынды иеленді. Ал, күні әлемнің алпауыт қаржыгерлері келіп АЛматы инвест-2019 форумына қатысқанын айта кету керек. Өмір, кеңінен қорытынды жаңалықта жеткізем. Сөз өзіңде

Асылбек Тойбек «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров