Nur Otan праймеризіне 10 мыңнан астам қазақстандық өтініш берген. Бастауыш партия ұйымдарынан 3 023 кандидат ұсынылса, 6 978-і өзін-өзі ұсынушылар, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олардың ішінде 8 915 адам үміткер ретінде тіркелді. Жарияланған ақпаратқа сәйкес, кандидаттардың 36,4%-ы - әйелдер, 28,9%-ы - 35 жасқа дейінгі жастар. Еске сала кетейік, Nur Otan праймеризіне кандидаттарды ұсыну және тіркеу бүгін аяқталады. Оған қатысу үшін өтінішті primaries.kz сайтында «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы онлайн жолдауға немесе аумақтық ұйымдастыру комитеттеріне жеке өтініш беруге болады.
ГРАФИКА:
Бастауыш партия ұйымдарынан - 3 023 кандидат
Өзін-өзі ұсынушылар - 6 978 үміткер
8 915 адам кандидат ретінде тіркелді
Кандидаттардың 36,4% - әйелдер
28,9% - 35 жасқа дейінгі жастар