Бәсекелестік болмаса онда сайлаудың да мәні болмайды
Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Ғалым Қалибекұлы Президент жарлығымен жарияланған сайлаудан халықтың күтетіні көп, үміті зор екенін айтты. Өйткені, жаңа Парламенттің, жаңа мәслихаттың жасақталуы, яғни, қоғамға жаңа адамдар келіп, Жаңа Қазақстанға өзгеріс алып келетініне үмітті. Демократиялы Парламент болғанын қалайтынын да атап өтті.
"Қәзірдің өзінде біраз көріністер байқалуда. Біраз партиялар тіркеліп, көп партиялы болып, болашақта сол бағытқа қарай келе жатқаны да бір қуантарлық жағдай. Әрине, көп партиялы деген нәрсе – керек дүние. Ондай бәсекелестік болмаса онда сайлаудың да мәні болмайды. Одан кейін қоғамның да алға жылжуына ешқандай бір жақсылық алып келмейді деп ойлаймын. Ол – керек. Үлкен өзгерістер бар. Заңдылық жағынан заңдық тұрғыдан қорғау, емін-еркін көзқарасын білдіру деген дүниелер ол – құптарлық дүние", – деді Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Ғалым Қалибекұлы.
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин алдағы ҚР Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлаудың негізгі он жаңалығын атап өткенін еске салайық.