Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек жібереді

 primeminister.kz
primeminister.kz
Жүктер жақын арада әуе көлігімен жөнелтіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған мәселе ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссия отырысында талқыланды.

Гуманитарлық көмекке жалпы салмағы 38 тоннадан асатын азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар кіреді.

Жүктер жақын арада әуе көлігімен жөнелтіледі.

Қазақстанның қолдауы Газа секторында орын алған гуманитарлық апатты жағдайға байланысты Палестинаға көмек көрсетуге бағытталған.

Бұған дейін Қазақстан Палестина халқына $1 млн көлемінде гуманитарлық көмек көрсеткен болатын.

Новости партнеров