|
22.01.2019 | 15:04
5126

Жастар жылының логотипі бекітілді

Жастар жылының логотипі бекітілді

Жастар жылының логотипі бекітілді, деп хабарлайды Тengrinews.kz ҚР Қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

23 қаңтарда Астанада Қазақстандағы жастар жылының ресми ашылуы өтеді. Аталған іс-шара елімізде мемлекеттік жастар саясатын жан-жақты қолдау мен жүзеге асыруға бағытталған ауқымды  іс-қимыл жоспарын іске асыруға бастау болмақ.

Аталған іс-шара үшін арнайы «Жастар жылының» логотипі әзірленді, онда жыл сайынғы көші-қон кезіндегі тырналардың ұшуы көрсетілген. Ұшудың бұл тәсілі – үлкен құстарға энергияны көп қажет ететін қашықтықты еңсеруге мүмкіндік береді. Ұшу барысында әрбір құстың қанатының соңында әуе кептелісі пайда болады, осының арқасында құстар жинақыланып, бірлескен қимылдың арқасында қосымша көтерілу күшіне ие болады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир