Фотоға қарағанда, еліміздің Президенті серуенге шыққан
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа 2021 жылдың бірінші күнінде әлеуметтік желіде өз фотосын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Президент Instagram желісінде сурет жариялады. Фотоға қарағанда, еліміздің Президенті серуенге шыққан. Үстінде жылы, қызыл күрте бар. Бірақ әдетте киетін көзілдіріксіз тұр.
«Жаңа жылдың бірінші күні. Первый день нового года», – деп жазды мемлекет басшысы өз парақшасында.