ҚР Президенті Астана медресесінің шәкірттерімен кездесті

05.06.2019 20:21

Тоқаев медіресе шәкірттерін Ораза айт мерекесімен құттықтады


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Астана медресесіне барып, діни білім ордасының шәкірттерімен кездесті, деп жазды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook  парақшасында.


Қасым-Жомарт Тоқаев медіресе шәкірттерімен кездесіп, оларды Ораза айт мерекесімен құттықтады.

«Осындай медреселер бізге өте қажет. Қазақстанда осындай медреселер болуы керек. Ораза айт қабыл болсын! Баршаңызға аманшылық тілеймін! Біздің мемлекетімізге, халқымызға қызмет етіңіздер! Келесі Рамазанға бәріміз халық, жамағат болып, балаларымыз аман, халқымыздың төрт құбыласы түгел жетуге нәсіп етсін!», - деді Қазақстан Президенті.